Freedom Inside '26

«Қазақмыс» Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға түсініктеме берді

«Қазақмыс» Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға түсініктеме берді
freepik

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахталардың бірінің жұмыскерлері материалдық-техникалық жарақтандыру және еңбек жағдайына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, «Қазақмыс» компаниялар Тобының басшылығына жүгінді.
Компания басшылығы еңбек ұжымы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Ашық және сындарлы диалог барысында тараптар кәсіпорын жұмыскерлерін толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады. Айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар белгіленген тәртіпке сәйкес одан әрі пысықтау үшін қарауға қабылданды.

Көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі ұзақ жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыруға байланысты жабдықтардың техникалық жағдайына қатысты болды. Осыған байланысты басшылық жұмыскерлердің еңбек жағдайын одан әрі жақсарту, сондай-ақ өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламаны кеңейтіп, оның іске асырылуын жеделдетуге ниетті.

Компания қолданыстағы корпоративтік тетіктер мен әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек ұжымы өкілдерімен өзара іс-қимылды жалғастыра береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік үдеріс бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

«Қазақмыс» компаниялар Тобы еңбек ұжымымен ашық диалог орнату қағидатын ұстанады және еңбек ұжымымен өзара іс-қимылды кәсіпорынды дамыту, еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру және жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын жетілдірудің маңызды элементі ретінде қарастырады.