Қарағандыда қате жазылған көше атауы тұрғындарды таңғалдырды. Мердігерлер мекенжай тақтайшаларын дайындау кезінде қате жіберген, деп хабарлайды ult.kz.
Қарағандыдағы академик-химик Зелинский атындағы көшенің тұрғындары жаңа мекенжай көрсеткіштерінен өз көшесінің атауы бір әріпке өзгеріп кеткенін күтпеген жерден байқаған. Жаңа тақтайшаларда көше атауы «Зеленский көшесі» деп көрсетілген.
Қатені анықтағаннан кейін мекенжай тақтайшалары бірден алынып тасталды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мердігер ұйым қате дайындалған көрсеткіштерді өз қаражаты есебінен ауыстырады. Жаңа тақтайшалар бүгін түнде орнатылады.