Қайтыс болғандар да кезекте: Степногорскіде тұрғын үй дауы анықталды

Қайтыс болғандар да кезекте: Степногорскіде тұрғын үй дауы анықталды
ашық дереккөз

Степногорск қаласында тұрғын үй кезегіне қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Прокуратура талдауы кезінде кезекте тұрған 1 095 азаматтың арасында 2023 жылдан бері қайтыс болған 9 адамның есептен шығарылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.

Сонымен қатар қалада тұрмайтын 14 адам және меншігінде жылжымайтын мүлкі бар азаматтар да тұрғын үй кезегінде тұрған. Олар тізімнен шығарылды.

Прокуратура тұрғын үйге мұқтаждар көп болғанына қарамастан, ұзақ уақыт бойы бос тұрған пәтерлердің пайдаланылмағанын да анықтаған. Прокурорлардың араласуынан кейін пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.