Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың әлеуметтік желіде жариялаған суреттерінен жасанды интеллектінің көмегі пайдаланылған болуы мүмкін екенін байқаған, деп хабарлайды ult.kz.
Жүктелген фотоларда әнші бұрынғыдан әлдеқайда сымбатты әрі бұлшық етті болып көрінеді. Алайда желі қолданушылары бұл суреттерді дәл сол кездесуден түсірілген бейнежазбалармен салыстырып, видеода өнер иесінің сырт келбеті фотодағыдан өзгеше екенін алға тартты.
Осыдан кейін оқырмандар пікір қалдырып, әншіні сынға алды.
«Gemini-ге "мені качок етіп көрсет" деп тапсырма берген сияқты», «Бәріміз аздап Қайратпыз ғой», «Оның спортпен шұғылданбайтыны белгілі. Неге өзін фотода бұлай өзгерту керек?» деп жазды желі қолданушылары.