Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді

Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли 24 ақпан 20:30-да Qazaqstan Ұлттық телеарнасына Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты арнайы сұхбат береді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады.

"Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді", - делінген хабарламада.