Көрнекі сурет: Pavon.kz
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 маусымда сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелері қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.