Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде газ-ауа қоспасы жарылып, екі бала зардап шекті

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде газ-ауа қоспасы жарылып, екі бала зардап шекті
видеодан скриншот

Алматының Медеу ауданындағы үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, екі кәмелетке толмаған бала зардап шекті, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 22 қазанда Қаппаров көшесінде болған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылғанымен, артынша өрт шықпаған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады әкімдік баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан екі бала жеңіл жарақат алған. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнында жауапты қызметтер жұмыс істеп жатыр. Мамандар төтенше жағдайдың нақты себебі мен мән-жайын анықтауда.