Павлодарда студенттер бопсалау жасады деген күдікпен ұсталды

Павлодарда студенттер бопсалау жасады деген күдікпен ұсталды

Фото: youtube.com


Павлодар облысында қатарластарына бопсалау жасады деген күдікпен колледждің екі студенті ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Полицияның мәліметінше, олар өз құрдастарына күш қолданып, ақша талап етпек болған.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша қамауға алынды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар қоқан-лоққы көрсету арқылы қылмыстық ниетін жүзеге асыруға әрекеттенген.


Қылмыстық іс бопсалау фактісі бойынша қозғалды. Құзырлы органдардың айтуынша, құқық бұзушылықтың бастапқы кезеңінде-ақ оның жолы кесілген.


Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.