Павлодар қаласында сауда үйлерінің бірінің екі қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары жедел келіп жетіп, ғимарат ішіне кіріп, барлау жұмыстарын жүргізіп, өрт ошағын анықтады. Өрт ошағы бірінші қабатта болғаны анықталды. Онда алты бутикті жалын шарпыған.
"Өрт сөндірушілер қою түтін жағдайында жұмыс істеді. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді. Өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді", - делінген хабарламада.