Павлодарда көлік есігін ашып, сыртқа шығып жүргендер жазаланды

Павлодарда көлік есігін ашып, сыртқа шығып жүргендер жазаланды
24.kz

Павлодарда жолда қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен жолаушылар жауапқа тартылды. Олардың әрекеті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға қала орталығында болған. Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар есікті ашып, денелерін сыртқа шығарған.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция көлік жүргізушісін анықтады.

«Полиция жүргізушінің кім екенін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші де, жолаушылар да жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды», – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.