Өзбекстанда соңғы 80 жылда болмаған ыстық болып тұр

Өзбекстанда соңғы 80 жылда болмаған ыстық болып тұр


Өзбекстанда ауа температурасы 46 градусқа дейін ыситыны болжануда, деп хабарлайды ӨзА порталы.

Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, 2021 жылдың 3-7 маусымы аралығында Иран аумағынан Өзбекстанға ыстық ауаның келуіне байланысты температура көтеріледі деп күтілуде. 

Күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін, оңтүстікте және шөлді аймақтардың кейбір жерлерінде 44-46 градусқа дейін көтеріледі.

Еске салсақ, осы аптаның басында Өзбекстанда соңғы 80 жыл ішінде абсолютті максимал температура байқалған болатын. Салдарынан Ташкент метросының жер үсті желісіндегі пойыздар жылдамдығы шектелді.