Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерді бұғаттаған министрді қызметінен босатты

Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерді бұғаттаған министрді қызметінен босатты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Шухрат Садиковты ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі қызметінен босатты. Бұл туралы министрлік сайтындағы хабарламада көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес Өзбекстан Республикасының ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шухрат Мұхамаджанұлы Садиков қызметінен босатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Gazeta.uz сайты мәліметінше, премьер-министрдің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Олимжон Умаров та отставкаға кеткені туралы ақпарат расталған. Ресми түрде отставкаға кету себептері аталмаған.