Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тағы қайталанды

Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тағы қайталанды

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары Өскеменде ауадағы зиянды қалдықтардың көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

8-13 қаңтар күндері Өскемен қаласында ауаның жоғары деңгейдегі ластануы тіркелген. Нақты айтқанда, зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:

– көміртегі тотығы – 4,1-ге дейін;

– азот диоксиді – 2,1-ге дейін;

– күкірт диоксиді – 1,8-ге дейін;

– күкіртті сутек – 4,8 -ге дейін артқан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.