Өскеменде «оңай жұмысқа» алданған екі жігіт ұсталды

Өскеменде «оңай жұмысқа» алданған екі жігіт ұсталды
Жаппай тәртіпсіздік: Ұсталғандардың көбі ұрлық пен мародерлік үшін айыпталып отыр

Өскеменде интернет арқылы «жұмысқа» орналасқан екі жас жігіт психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктілердің бірі тыйым салынған заттарды алып, өлшеп, буып-түюмен айналысқан. Еңбекақысы криптовалюта түрінде төленген.

Тінту кезінде шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.