Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан жеті адам сотталды

Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан жеті адам сотталды


Өскемен қаласында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық сот қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адамға үкім шығарды. Олар 5-6 қаңтар күндері елді жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны және бүлікке өздері қатысқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы бойынша кінәлі деп танылды. 

«Жетеуі де өз қылмыстарын мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, төрт айыпталушыны бір жыл алты айға бас бостандығын шектеді. Қалған үшеуіне пробациялық бақылау белгілеумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Өскемен мен Семей қалаларының соттары жаппай тәртіпсіздікке барған тағы 36 адамға қатысты 6 қылмыстық істі қарауда.