Орталық Азия елдерінің астананаларында сайлау учаскелері ашылды

Орталық Азия елдерінің астананаларында сайлау учаскелері ашылды

Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Сонымен қатар, ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті, Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс болды.