Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Оралда жасөспірімдер топ болып төбелесті

Оралда жасөспірімдер топ болып төбелесті

Оралда жасөспірімдер топ болып төбелесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 8 ақпан күні әлеуметтік желілерде белгісіз біреулердің топ болып төбелескені кеңінен таралды.

Бейнероликті қарау барысында анықталғанындай, төбелес алты жасөспірімнің арасында Әбілқайыр хан даңғылы 179-үй маңында орын алды.

Кешқұрым әр тараптан үш жасөспірімнен шығып, өзара төбелескен. Оларды 15-тей жасөспірім қоршап тұрған.

Алынған шаралар нәтижесінде төбелеске қатысқандар қаладағы мектептердің бірінде оқитын 2003-2004 жылғы жасөспірімдер болып шықты. Куәлер де анықталды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сыныптастарынан әлімжеттік көрген оқушы мәселесінің қаралып жатқанын жазған болатынбыз.