Оралда түн ішінде өрт болған үйден 41 адам эвакуацияланды

Оралда түн ішінде өрт болған үйден 41 адам эвакуацияланды

Оралда түн ішінде өрт болған үйден 41 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 7 сәуір күні сағат 00.52-де А.Тайманов көшесі 221-мекенжайында көпқабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Өрт оқиғасын барлау барысында 8-қабаттағы №807-5-пәтерде жиһаз бен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды. 

Құтқарушылар аталған үйден 41 адамды алып шықты, соның 12-сі – балалар.

Жеке құрамнан 14 қызметкер 6 техникамен жұмылдырылды.

«Тілсіз жау» сағат 01.22-де оқшауланып, 02.05-те толықтай ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.