Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, 30 шілде күні бетперде киген ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткен. Оқиға орнындағы бейнебақылау жазбалары жедел зерделеніп, күдіктінің фотобейнесі барлық полиция жасағына жіберілген.
Көп ұзамай күдікті дүкен маңындағы қалың шөптің арасынан табылған. Ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне пышақпен қарсылық көрсеткенімен, арнайы тәсілдердің көмегімен залалсыздандырылды.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.