Оралдағы Солтүстік-Шығыс-2 шағын ауданында монша кешенінің жертөле қабатында өрт шықты. Сол кезде ғимарат ішінде адамдар болған, деп хабарлайды ult.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тоғыз адам құтқарушылар келгенге дейін өздігінен эвакуацияланған.
Өрт сөндірушілер жалынды қысқа уақытта ауыздықтап, оның әрі қарай таралуына жол бермеді. Өрт толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.