Орал қаласында мантоваркаға қатысты тұтынушы мен сатушы арасындағы дау сотқа дейін жетті. Сатып алушы құны 79 990 теңге болатын үш қабатты мантоварканың ақауына байланысты ақшасын қайтаруды талап еткен, деп хабарлайды ult.kz.
Әйел мантоварканы ақпан айында сатып алған. Алайда тауарды пайдаланған кезде қақпағы дұрыс жабылмай, қамырдың тотыға бастағанын байқаған.
Ол мәселені алдымен сатушымен ауызша, кейін жазбаша түрде шешуге тырысқан. Алайда тараптар ортақ келісімге келе алмаған.
Осыдан кейін тұтынушы Департаментке сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жүгінген. Кейін дау сотта қаралған.
Сот сатып алушының талабын қанағаттандырды. Сатып алу-сату шарты бұзылып, сатушыға 79 990 теңгені толық қайтару міндеттелді.
Осылайша, асүйге арналған мантоваркаға қатысты қарапайым дау тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты сот ісіне ұласқан.