Оралда ауа райына байланысты әуежай жабылды

Оралда ауа райына байланысты әуежай жабылды

Оралда ауа райына байланысты әуежай жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Орал» халықаралық әуежайынан мәлім еткеніндей, әуежай жергілікті сағат 14.00-ге дейін жабылды.

Fly Arystan ұшағы Оралдан Алматыға түнгі сағат 00.20-да ұшуы тиіс еді. Бұл рейс сағат 17.35-ке қалдырылды.

Ал Нұр-Сұлтан қаласынан Оралға ұшып келуі тиіс Эйр Астана рейсі келмейтін болды.

Fly Arystan ұшағының уақытында ұшпағаны жөнінде Әлия Жамитова есімді жолаушы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, рейс алдымен түнгі сағат 02.00-ге дейін кідіртілген. Содан кейін Fly Arystan өкілдері сағат 17.35-те ұшатындарын айтып, ешқандай қонақүй берілмейтінін хабарлаған. Ә.Жамитова «Орал» әуежайының ескі ғимаратында ешқандай жағдай жасалмағандығын жеткізді.