Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті тағы 12 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады


Бейсенбі күні Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарымен байланысты COVID-19 жұқтырудың 12 жаңа жағдайы турады мәлім етті, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.

Вирус жұқтырғандардың екеуі – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар. 

Қазіргі уақытта Токиода Ойындарға қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. 

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сандарды санауға 1 шілдеде кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.

Ашылу салтанаты жұма күні кешке Токиода COVID-19 шектеулеріне байланысты жанкүйерлерсіз өтеді.