О. Бектенов: Отандық өнімнен бұрын импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес

О. Бектенов: Отандық өнімнен бұрын импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес
gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық өндірушілердің сауда орындарына шығуда кездесетін кедергілерді жоюды тапсырды. Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілердің сауда желілеріне қол жеткізуіне жоғары жалдау ақысы мен импорттық өнімдерге басымдық берілуі кері әсер етіп отыр, деп хабарлайды ult.kz.

"Халық тұтынатын тауарларды шығаратын отандық өндірушілер көп жағдайда сауда алаңдарына қол жеткізе алмайды. Оның ішінде жалдау ақысының жоғары болуына байланысты да қиындықтар бар. Ол ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін кеңейтуге кедергі келтіріп, бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сауда желілерінің иелері қазақстандық тауарларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс деп санаймын. Отандық өнімнен бұрын импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес. Сауда министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдармен, өңір әкімдіктерімен және "Атамекен" палатасымен бірлесіп, тауарлардың барлық санаттарын оның ішінде жеңіл өнеркәсіп пен тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын отандық өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алудың қолайлы шарттарын ұсынудың нақты тетіктерін әзірлеуді тапрсырамын", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов ОТӨ үшін қолайлы жағдай жасау туралы: Сауда желілерінің иелері қазақстандық тауарларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс