Танымал әзілкеш әрі актер Нұржан Төлендиев отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі тұңғыш немересінің бесік тойын жасап, ағайын-туыс пен өнердегі әріптестерінің басын қосқан сәнді той өткізді. Мерекелік кеште ән айтылып, ақ тілектер айтылды.
Нұржан Төлендиев немересіне арнайы арнап шығарған әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әсерлі сәттер түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланып, оқырмандардың жылы лебізіне ие болды.
Өнер иесінің қуанышына ортақтасқан жақындары мен әріптестері жас сәбиге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, әулеттің қуанышы еселене беруіне ниет білдірді.
Желі қолданушылары да ақ тілектерін жаудырды.
«Той құтты болсын, баршамызға жұғысты болсын», «Ғұмырлы болсын», «Алғашқы немере тәтті ғой», «Бауы берік болсын», – деп жазды оқырмандар.