Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желіде қаралы хабар жариялап, анасының дүниеден озғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген шексіз сағынышы мен қимастық сезімін жеткізіп, бұл ауыр қаза отбасы үшін орны толмас қайғы екенін айтты.
«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім. Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік… Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.
Қаралы хабардан кейін желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның жаны жәннатта болып, иманы саламат болуын тіледі. Сондай-ақ әншінің отбасы мен жақындарына қайғыға сабыр, төзім және күш-қуат тіледі.
Желіде көпшілік өнер иесінің қайғысына ортақтасып, қолдау білдірген жылы лебіздерін жаудырып жатыр.