Нұркен Иманқұлов үйлену тойын өткізді

Нұркен Иманқұлов үйлену тойын өткізді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық актер Нұркен Иманқұлов жұбайы Мерекемен бірге үйлену тойын өткізіп жатқанын хабарлады. Өнер иесі Instagram парақшасында видео жариялап, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Актердің сөзінше, олар бұған дейін шаңырақ көтергенімен, үйлену тойын жасамаған. Енді көптен жоспарлаған қуанышына ағайын-туысын жинап жатыр.

“Құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін бізде үйлену той. Алдын білесіздер, жасалынбай, бүгін енді тойды өткізгелі жатырмыз. Қуаныштан толқып тұрмыз”, – деді ол.

Нұркен Иманқұлов Мереке есімді арумен отбасын құрғанын 2025 жылдың маусымында жариялаған еді. Сол кезде бірқатар ақпарат құралы жұбайының актерден 21 жас кіші екенін жазды.

Ал 2026 жылдың сәуірінде ерлі-зайыпты ұлды болғандарын хабарлады. Олар сәбиге Әбдез Алан Нұркенұлы деген есім берген.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова жүрек тебірентер жазба жариялады.

Нұркен Иманқұлов кім?

Нұркен Иманқұлов – қазақстандық актер әрі әзілкеш. Толық аты-жөні – Нұркен Әбдезұлы Иманқұлов. 1989 жылы 30 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. “Бродвей” кинопорталының мәліметінше, “Ва-банк”, “25 теңге”, “Үш құрбы”, “Келінжан”, “Моя большая казахская семья” жобаларына түскен. Сондай-ақ “Красавица и Нұрдаулет” веб-сериалы мен “Нам нужен доктор” фильмінде ойнаған.