
Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Салдарынан бір қызметкер қаза тапты.
"Тұран даңғылы, 89/А мекенжайындағы кранның құлауы бойынша ҚР ТЖ министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен жағдайлары анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Нұр-Сұлтан полиция департаментіне жолданатын болады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
