Netflix-тің кореялық түсірілім тобы Алматыда жаңа реалити-шоу түсіріп жүр

Netflix-тің кореялық түсірілім тобы Алматыда жаңа реалити-шоу түсіріп жүр
Алматы әкімдігі

Оңтүстік Кореяның Netflix платформасына арналған жаңа реалити-шоудың түсірілім тобы Алматыға келді. Strong Fellas жобасына кореялық танымал балуандар қатысып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Сапар барысында түсірілім тобы қаланың көрікті әрі тарихи орындарын аралады. Қонақтар Көк базар мен 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа барып, Алматының тарихы мен мәдениетімен танысты. Әсіресе, Көк базардағы түрлі корей салаттары мен ұлттық кәдесыйлар олардың қызығушылығын тудырған.

Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, еттен әзірленетін дәстүрлі ас мәзіріне жоғары баға берген. Сонымен қатар олар алматылықтардың қонақжайлығы мен қаланың ерекше атмосферасына тәнті болған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ халқының қонақжайлығы, ұлттық мәдениеті мен Алматының өзіндік келбеті кореялық түсірілім тобына ерекше әсер қалдырған.