Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Құрылтай депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады.

"Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс бергенін хабарлаған едік.