Назарбаев «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті

Назарбаев «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

«Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.