Назарбаев Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды

Назарбаев Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірде ресми сапармен Әзірбайжанға келген болатын.