Молдовада президент сайлауының екінші туры өтеді

Молдовада президент сайлауының екінші туры өтеді

Молдованың Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау нәтижесі екі аптадан кейін елде президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін екенін көрсетті. Өйткені бірде-бір кандидат сайлаушылардың 51% дауысын жинай алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Молдпресске сілтеме жасап.

Хаттамалардың 94%-дан астамы өңделгеннен кейін азаматтардың шамамен 35%-ы тәуелсіз кандидат Игорь Додонға дауыс берген, ал 32%-дан астамы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының кандидаты Майя Сандуды қолдағаны белгілі болды. 

ОСК ұсынған қазіргі мәліметтер бойынша, сағат 24.00-ге дейін Молдовада президент сайлауы кезінде ашылған 2143 учаскеден 2019 (94,21%) хаттама өңделді. Осылайша сайлаушылардың шамамен 17%-ы «Біздің партиямыздың» кандидаты Ренато Усатыйға, ал 7%-ы «Шор» партиясының кандидаты Виолетта Ивановаға дауыс берген. 

«Абырой мен шындық платформасы» партиясының кандидаты Андрей Нэстасе шамамен 3%, ал Ұлттық бірлік партиясының кандидаты Октавиан Цику шамамен 2% дауыс жинаған. Молдаваның либерал-демократиялық партиясының кандидаты Тудор Делиге, «UNIREA» блогынан Дорин Киртоакеге сайлаушылардың бір пайызы дауыс берген.

ОСК мәліметтері бойынша, 21.00-ге дейін 1 214 378 адам, яғни сайлаушылардың 42,7%-ы дауыс беруге келген.