Мирзиёев Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

Мирзиёев Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады
Ақорда

Құттықтау хатта ол сайлаудың елдің саяси жүйесін жетілдірудегі, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы және парламенттің рөлін нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан мен Қазақстан парламенттері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.