Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Михаил Кукушкин Майами турнирін жеңіспен бастады

Михаил Кукушкин Майами турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Майами ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлемнің 105-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 316-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрэйпермен өткізді. 

Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аудара білді - 7:5.

Бұдан кейін ұлыбританиялық спортшы 1 сағат 15 минутқа созылған бәсекені жалғастырудан бас тартты.

М.Кукушкин жалпы жүлде қоры 3,64 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың екінші айналымында әлемнің 27-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен күш сынасады. А.Карацевтің биылғы қарқыны өте күшті. Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен ол жуырда Дубай турнирінің жеңімпазы атанды. Соның нәтижесінде рейтингте 27-орынға көтерілді.