Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қазақстанда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел жоспар құруға және вакцина алған адамдар санын көбейтуге бір ай уақыт берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін көтерілген барлық мәселе үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімде баяндама жасауды сұраймын", - деді Тоқаев.