Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Тоқаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды

Тоқаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерісі көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.