Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды. 

Еске салайық, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді.

Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.