«Масқара ғой мынауың»: Жанар Айжанованың күйеубаласына жазған хабарламасы талқыға түсті

«Масқара ғой мынауың»: Жанар Айжанованың күйеубаласына жазған хабарламасы талқыға түсті
Коллаж: әлеуметтік желі

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Жанар Айжанова күйеу баласы, экстремал спортшы Сәкен Қағаровтың әрекетін көріп, алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның спортшыға жолдаған хабарламасы әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды.

Сәкен Қағаров таулы аймақта түсірілген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрларда спортшы екі үлкен тастың арасында қауіпті қимыл жасап, бір нүктеден екіншісіне секіріп жүргені көрінеді.

Видеоны көрген Жанар Айжанова күйеу баласының қауіпсіздігіне алаңдап, мұндай қауіпті әрекеттерден сақ болуын ескерткен.

«Әйй, Сәкен балам, басқа жер таппадың ба? Анауың не? Екі тастың ортасында, онымен қоса секіресің. Ана тас құлап кетсе, не істейсің? Масқара ғой мынау. Жүрегім ауырып отыр», – деп жазған әнші.

Енесінің алаңдағанын түсінген Сәкен Қағаров оған қысқа ғана жауап берген.

«Кешірші, мама», – деді экстремал спортшы.