Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open жарысы кейінге қалдырылды

Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open жарысы кейінге қалдырылды

Халықаралық конькишілер одағының ресми сайты Japan Open жарысының өткізілуі кейінге қалдырылғаны туралы жариялады. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады. 

Жарыс 3 қазан күні Жапонияның Сайтама қаласында басталуы тиіс болған. Алайда қазір жарысты кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Оның өткізілетін күні алдағы уақытта хабарланады. 

Бұған дейін ересектер арасындағы Гран-при сериясының ұлттық жарыс форматында өтетіні туралы жарияланған болатын.