Қостанай облысының Жітіқара қаласында полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 2026 жылдың мамыр айынан бері халықаралық іздеуде болған.
Жеке басы анықталғаннан кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін соттың санкциясымен оған қатысты уақытша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Полиция құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген азаматтарды анықтау және ұстау бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.