Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды

Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алды


Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол марафонда сынға түсіп, Австриядағы жарыс жеңімпазы атанды. Жаннаның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орынды чехиялық Терезе Хрочова еншіледі, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм.