Freedom Inside '26

Мамандар тағамнан сынама алды: «Алатау» базарындағы Sushi Time уақытша жабылды

Мамандар тағамнан сынама алды: «Алатау» базарындағы Sushi Time уақытша жабылды
Видеодан скриншот

Алматы облысының Боралдай кентінде орналасқан қоғамдық тамақтану орнында дайындалған тағамды тұтынғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға «Алатау» базары аумағындағы Sushi Time қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккендер медициналық көмекке жүгінгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, денсаулық сақтау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл әрекетке көшті.

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар зертханалық сараптама жасау үшін тағам өнімдерінен сынамалар алған.

Ведомство мәліметінше, тексеру аяқталып, оқиғаның мән-жайы толық анықталғанға дейін қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

Мамандар жаз мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарын таңдауда сақ болуға шақырады. Сондай-ақ құсу, іш өту немесе дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дереу дәрігерге қаралу қажет екенін ескертті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.