
Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Белтаға сілтеме жасап.
Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын айтты: Қырым, Донецк, Луганскіден Киев, Чернигов, Харьков бағытында.
"Сонымен қатар, Беларусь армиясы соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды. Мұны кез келгеніне дәлелдей аламыз.", - деді ол.