Freedom Inside '26

Лифтіні тепкілеп сындырған астаналық күдікті ұсталды

Лифтіні тепкілеп сындырған астаналық күдікті ұсталды
advgazeta.ru

Астанада тұрғын үй кешеніндегі екі лифтіні қасақана бүлдірген ер адам ұсталды. Оқиға салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы ер адам мас күйінде ортақ мүлікті бүлдірген.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті алдымен бір, кейін екінші лифтінің есігін сындырған. Ол лифт есіктерін қолымен жұлқып ашып, теуіп және жұдырығымен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарған.

Аталған факті бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.