Леонардо да Винчи жазған сурет рекордтық сомаға сатылды

Леонардо да Винчи жазған сурет рекордтық сомаға сатылды


Christie's аукционында Леонардо да Винчи жазған аю басының нобайы сатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оны £8,9 миллионға (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты сома.

«Сурет— Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», - делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.

Нобай – бұл қызғылт-ақшыл сары қағазға күміс қарындашпен салынған 7x7 см өлшемді сурет. Ол 1480 жылдардың бірінші жартысында жазылған. Бұл – суретшінің қолтаңбасы бар бірнеше туындысының бірі.

Сатып алушының есімі жария етілмей отыр. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт атты» туындысы үшін орнатылған еді, оны £8,1 миллионға сатып алған.