Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қытайда толассыз жаңбырдан 1,76 млн адам зардап шекті

Қытайда толассыз жаңбырдан 1,76 млн адам зардап шекті

Орталық және Оңтүстік Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 1,76 млн адам зардап шекті, 9 адам қаза тауып, тағы 5-еуі із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

БАҚ мәліметінше, бұл, Қытайдың сегіз провинциясы мен автономды аудандарындағы (Цзянси, Хунань провинциясы, Гуанси-Чжуан автономды ауданы және т.б.) 8 маусым күнгі мәліметтер. 

120 мың адам эвакуацияланып, 900 ғимарат қираған, 13 мыңнан астамы зақымдалған. 113,5 мың гектар егістік жер зардап шеккен. 

Тікелей экономикалық шығын 28,8 млрд юаньға бағаланып отыр.