Қытайда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті

Қытайда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясында көмір шахтасының опырыла құлауы салдарынан мерт болғандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 14 адамның ажал құшып, екі жұмысшының үйінді астында қалғандығы айтылған болатын.

Агенттіктің мәліметі бойынша, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Билік оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, шахтадағы апат 17 желтоқсан күні Анлунь уезінде болған еді. Төтенше жағдай кезінде жер астында қалған 23 адамның жетеуі құтқарылды.