Коронавирус салдарынан Қытайдың 13 қаласы карантинге жабылды

Коронавирус салдарынан Қытайдың 13 қаласы карантинге жабылды

Коронавирус салдарынан Қытайдың 13 қаласында карантин жарияланды.

Қытайлық sina.com порталының хабарлауынша, 23 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 10:00-де Хубей провинцияның орталығы Ухан қаласында карантин жарияланған болатын. Ал бүгін 24 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 12:00-ге дейін Хубэй провинциясының өзге Эчжоу, Сяньтао, Чжицзян, Цяньцзян, Хуанган, Чиби, Цзинмэнь, Сяньнин, Хуанши, Дангян, Эньши және Сяогань сынды 12 қаласы карантинге жабылды.

Айта кетерлігі, карантин жарияланған қалалардың барлығында жол-көлік қатынасы тоқтатылып, тұрғындардың үйінен көп шықпауға кеңес берілген.