Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді

Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының авиациялық оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ экипажы шығарылды, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .